ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 106 310-ға жетті

Мұнай бағасы барреліне $30-дан төмен түсуі мүмкін

Алайда, құлдырау ұзаққа бармайды деп күтіледі 

Британдық Standard Chartered корпорациясы сарапшыларының болжамы осыған саяды, деп жазады inbusiness.kz. Өткен аптаның соңында Brent маркасы барреліне 50 доллардан төмен түсті.

«Бұл соңғы екі жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылардың болжамынша, биыл қара алтынды тұтыну соңғы қырық жылда осымен төртінші рет өсім көрсетпеуі мүмкін. Бұл негізінен қаржы дағдарысы болған кезеңдер»,- деп жазады портал.

Биылғы жылы мұнайға деген сұраныс коронавирустың таралуына байланысты төмендеуі мүмкін. Бұл мәселені ОПЕК қатысушылары осы аптада Венада болатын кездесу барысында көтеруді жоспарлап отыр. Ал шикізатты тұтынудың төмендеуін өтеу үшін Сауд Арабиясы өндіруді тәулігіне бір миллион баррельге қысқартуды ұсынбақ. Алайда ұзақ мерзімді кезеңде бұл жеткіліксіз болуы мүмкін.  Сонымен қатар, Ресей нарықты қолдау үшін мұнай картелінің серіктестерімен ынтымақтасуға дайын. Дегенмен, Владимир Путин әзірге саспай отыр.

 «Ресей үшін қазіргі баға да қолайлы»,- деді ол.

Тегтер: