$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2019, 11:00
Экономика

Теңгенің әлсіреуінен елімізде азық-түлік қымбаттап жатыр

Ас-ауқат бағасы қазірдің өзінде 9 пайызға өскен

Теңгенің әлсіреуінен елімізде азық-түлік қымбаттап жатыр
egemen.kz

Мұнай арзандаған сайын теңге де құлдырап барады. Ұлттық банк жыл басынан бері төл ақшамыздың құны бір жарым пайызға түскенін мәлімдеді. Ал инфляция деңгейі ең жоғарғы шегіне жақындаған деп хабарлады КТК телеарнасы.

Ұлттық банк белгілеген бағамы бойынша, доллар жыл басынан бері 5 теңгеге қымбаттаған. Теңгенің әлсіреуімен бірге азық-түлік бағасы да өсіп барады. Инфляцияның 2019-2021 жылдарға белгіленген мақсатты дәлізі 4-6 пайыз аралығында болса, қазір ол 5,3 пайыз деңгейінде. Бас банк оны жыл аяғына дейін 5,8 пайызға жетеді деп отыр. Ал азық-түлік қазірдің өзінде 9 пайызға қымбаттаған.

«Осы жылдың 9 айында мұнай бағасы орташа есеппен барреліне 65 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты. Бұл 2018 жылға қарағанда 12 пайызға төмен. 9 қазандағы жағдай бойынша теңге бағамы мұнайдың ағымдағы бағасы барреліне 58 доллар болып, 390 теңге 4 тиын құрады. Жыл басынан бергі әлсіреу 1,5 пайызды құрап отыр», - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Серіктес жаңалықтары