$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде бір айдың ішінде баспана нарығындағы мәмілелер 28 пайызға азайған

Қаңтарда мәміле саны 24 294 операцияға дейін азайған

Елімізде бір айдың ішінде баспана нарығындағы мәмілелер 28 пайызға азайған
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, баспана нарығындағы жасалынған мәмілелердің теріс динамикасы Республикалық маңызы бар барлық облыстар мен қалаларда тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан, Абай және Ақмола облыстарында 40% — дан төмен болса,

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында мәмілелер саны бір айда 19-30% - ға азайған.

24 294 мәміленің 18 415 — і пәтерлер бойынша, 5 879-ы жеке үйлер бойынша жасалған.

Сонымен қатар, пәтерлерге деген қызығушылық төмендеді: желтоқсанмен салыстырғанда 7.6 мыңға аз. Ал үйлер бойынша 1.6 мың операцияға аз мәміле жасалған.

Қаңтардағы мәмілелер саны бойынша көшбасшылар қатарында:

  •  Алматы - 5 599;
  •  Астана - 4 040;
  • Қарағанды облысы - 1 972.

Ең аз мәмілелер Ұлытауда -285.

Астанада төмендеу минималды болған -0.8 %.

Өсімі бар жалғыз қала - Алматы: +34.1 %.

Серіктес жаңалықтары