18 млрд теңге депозитте жатыр – Ұлттық банк
Ел тұрғындары жинағын ұлттық валютада сақтағанды жөн көреді
Елімізде депозиттердің көлемі бір айда 1,8%-ға төмендеп, 2020 жылдың қаңтар айының соңында шоттағы жинақ 18 686,0 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, заңды тұлғалардың депозиттері 9 590,6 млрд теңгені құраса да, 2,6%-ға төмендеу бар. Ал жеке тұлғалардың депозиттері 9 095,4 млрд теңгеге дейін жетсе де, жалпы жинақ сомасы 0,8% - ға кеміген.
«Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 789,8 млрд теңгеге жетті. Бірақ 0,3% - ға кему бар. Шетел валютасындағы салым – 7 896,3 млрд теңгеге дейін яғни 3,7% - ға азайды. Долларландыру деңгейі қаңтар айының соңында 42,3% болды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың желтоқсанында 43,1% процентті құраған», - делінген ресми хабарламада.
Бас банктің мәліметінше, заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері қаңтарда 5 470,5 млрд теңгеге дейін яғни 0,6% - ға ұлғайған. Шетел валютасындағы депозиттері 4 120 млрд теңгеге дейін немесе 6,6% - ға төмендеген.
«Жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жинаған депозиттері 5 319,3 млрд теңгеге дейін 1,2% - ға азайды, шетел валютасындағы депозиттері 3 776,2 млрд теңгеге дейін 0,3% - ға кеміді», - деп хабарлайды ұлттық банктің сайты.