$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 17:36
Экономика

Дүниежүзілік банк қаржысы офшорға кетіп жатыр – экономистер

Сарапшылар Дүниежүзілік банктің кедей мемлекеттерге бөлген қаржысына қатысты зерттеу жүргізді

Дүниежүзілік банк қаржысы офшорға кетіп жатыр – экономистер
Фото: bbc.com

Дүниежүзілік банк кедей мемлекеттерге су құбырын жөндеуге, жол құрылысына немесе жемқорлыққа күрес үшін қаржы бөлгеннен кейін таңғажайып жағдай болады: кедей мемлекетке қаржы тамшылап қана жетеді. Экономистер бұл қаражаттың тікелей офшорға жіберілетінін анықтады, деп жазады ВВС.

Үш экономист аталған зерттеуді былтыр жүргізген және оны талқылап, жариялау үшін Дүниежүзілік банкке жіберген. Зерттеу нәтижесі қараша айында дайын болғанымен, әлемге бұл туралы тек ақпан айында белгілі болып отыр. Оның өзінде әлемдік басылымдар зерттеудің жарияланбауын Дүниежүзілік банктен бас экономистің жұмыстан кетуімен түсіндіргеннен кейін ғана ақпарат тарай бастады.

Economist, Financial Times басылымдары баяндама мазмұны туралы жазып, тәуелсіз зерттеулер де саясаттың құрбаны болып жатқанын айтты. Сонымен қатар олар кедей мемлекеттерге көрсетіліп жатқан көмекке қатысты саясаттың тиімділігіне қауіп төніп тұрғанын айтты. БАҚ-тардың жазбасынан кейін шу шыққан соң банк зерттеу баяндамасын сайттарында жариялап қойды.

Зерттеу жүргізген экономистер Дүниежүзілік банктің жеңіл несиелері мен гранттарына тәуелді ондаған мемлекеттен шыққан валюта аударымдарын зерттеген. Нәтижесінде, бұл мемлекеттер ІЖӨ-нің 1 пайызынан астам көмек алғаннан кейін бірден офшорларға ақша аударылатынын анықтаған. Бір айта кетерлігі, кейде Дүниежүзілік банк ІЖӨ-нің 3 пайызына дейін көмек береді.

Зерттеуде Қырғызстан, Армения, Ауғанстан, Гана, Гайана, Руанда, Мадагаскар, Уганда, Эфиопия секілді 22 мемлекет қатысты.

Серіктес жаңалықтары