$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2020, 12:32
Экономика

Өзбекстан Қазақстанға киім экспорттаушы елдердің үздік үштігіне кірді

Олар Ресеймен шамалас көлемде киім экспорттағанмен, тапқан пайдасы 10 есеге дейін аз

Өзбекстан Қазақстанға киім экспорттаушы елдердің үздік үштігіне кірді

Өткен жылы Қазақстанға сырт елдерден импортталған жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі  670 млн долларды құраған, бұл – шамамен 62 мың тонна. Импорттық өнімдердің тең жартысына жуығы көрші Қытай еліне тиесілі екен. Былтыр ҚХР Қазақстанға 31 мың тонна экспорт жіберген. Бұл туралы Centralasia.media хабарлайды.

Екінші орында – Ресей мемлекеті. Өткен жылы солтүстіктегі көршіміз Қазақстанға 10,5 мың тонна киім экспорттап, 195 млн доллар пайда тапқан.

Қазақстанға киім экспорттау көлемі бойынша үздік үштікке Өзбекстан мемлекеті де еніп отыр. Олар экспорт көлемі бойынша Ресеймен шамалас көрсеткішке қол жеткізгенмен, тапқан пайдасы 10 есеге дейін төмен.

Қазақстан тұтынушыларын киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырған елдердің қатарында Түркия, Бангладеш, Беларусь елдері бар.

Серіктес жаңалықтары