ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Қолтаңбасы жоқ ақша жалған емес - Ұлттық банк

Мессенджерлерде 2 мың теңге номиналындағы жалған ақша туралы хабарлама тарап жатыр

Фото: баспасөз қызметінен

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мессенджерлерде тараған «жалған» 2 мың теңгелік купюралар туралы хабарламалардың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстанда мессенджерлерде 2 мың теңге номиналындағы жалған ақша туралы хабарлама тарап жатыр. Онда бұл купюраларда Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы жоқ болса, оның жалған ақша екені айтылған.

«Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталған. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.