$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2020, 18:10
Экономика

2019 жылы Ресейден елордаға келетін экспорт көлемі 235% артты

Астананың ЕЭО елдерімен өзара сауда көрсеткіші артты

2019 жылы Ресейден елордаға келетін экспорт көлемі 235% артты
Фото: ашық дереккөзден

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің тауарлармен өзара саудасы туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

«Алдын ала деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 2769,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 37,5 %-ға көп, оның ішінде экспорт - 386,0 млн. АҚШ доллары (164,9%-ға көбейді), импорт - 2 383,2 млн. АҚШ доллары», - делінген Статистика комитетінің хабарламасында.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда Ресей Федерациясына әкелінген экспорт 318683,6 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 235,6 %-ға көбейді, импорт 2221445,0 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26%-ға көбейді.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда Беларусь Республикасынан әкелінген импорт 155 476,3 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 55,4 %-ға көбейді.

Серіктес жаңалықтары