$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2019, 10:29
Экономика

IT - Қазақстан бизнесінде сұранысқа ие салаға айналып келеді

Қазір IT саласымен қабыспайтын салалар жоқтың қасы, сол себепті, өзгерісті қаламайтын компаниялардың барлығы ендігіде тек жеңіліс табады

IT - Қазақстан бизнесінде сұранысқа ие салаға айналып келеді
nastroisam.ru

IT - отандық бизнес үшін сұранысқа ие салалардың біріне айналып келеді. Тамыз айының қорытындысы бойынша, қазақстандық ақпарат және байланыс сегментінде 7,7 мың компания тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11,8% (6,9 мың компания болған) жоғары. Олардың 98,8%-ы шағын, 0,7%-ы орта, 0,5%-ы ірі компаниялардың еншісінде. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.

IDC агенттігінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап ЖІӨ-нің 60%-ы цифрландырылады. Кез келген саланың өсуі технологиялардың дамуымен байланысты. Қазір IT саласымен қабыспайтын салалар жоқтың қасы, сол себепті, өзгерісті қаламайтын компаниялардың барлығы ендігіде тек жеңіліс табады. Ал IT саласы бизнес әлемінде үлкен рөл атқарады: IT-дистрибуция өзгеріп, тауарлар мен қызметтер, бизнес-модельдер жаңаша қарқын алып жатыр.

Осы жылдың қыркүйек айында белгілі болғандай, Қазақстандағы IT компаниялар мемлекеттік тапсырыс аясында қолдау тауып отыр. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақпараттандыру құралдарын, сондай-ақ, бағдарламалық және электрондық өнімдерді құру және дамыту қызметтерін мемлекеттік сатып алу тек қана қатысушыларды алдын-ала іріктеу арқылы жүзеге асады. Алдын ала іріктеудің басты критериі – отандық әзірлеушілердің қатысуымен сенімді өнімдер реестрінде болу.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл сала бойынша компьютерлік бағдарламалар және кеңес беру қызметтерінің көлемі 110,5 млрд теңгені құраған. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,1% жоғары. Сондай ақ, ақпараттық көрсетілетін қызмет көлемі 18%-ға өсіп, бір жыл ішінде 59,3 млрд теңгені құраған (өткен жылы 50,3 млрд тг).

Осы жылдың 26 қыркүйегіндегі көрсеткіш бойынша, Халықаралық IT-стартаптардың технопаркінде 244 жоба тіркелген, сондай ақ, 3,4 мың қауымдастық мүшесі мен 65 инвестор бар. Бұл жобалар 20 бағыт бойынша бөлінген. Кез келген стартап бірден бірнеше бағытта қатыса алады. Жобалардың дені «Мобильдік қосымшалар» категориясына жатады (79 жоба). «Электрондық коммерция» бағытында 58 стартап қатысып жатыр. Ал «Цифрлық автоматтандыру» бағытында 57 жоба бақ сынайды. «Сандық платформалар» (54 жоба), «Жасанды интеллект» (27 жоба) сияқты бағыттарда да қатысатын жобалар аз емес.

Серіктес жаңалықтары