Экономикалық реформалар пакеті 2022 жылдың шілдесінде ұсынылады

Azattyq Rýhy

Жаңа реформаларды жүзеге асыру қажеттіліктері туралы Президент Жолдауында айтылған болатын

 
Фото: businessxxl.ru

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 2022 жылғы шілдеде жаңа экономикалық саясат шеңберінде экономикалық реформалар пакетін ұсынады. Мамыр айында бағыттар бойынша реформалар әзірленіп, мемлекеттік органдармен және Парламент депутаттарымен пысықталатын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазір жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен талқылануда.  

«Жаңа экономикалық саясат тұрақты институционалдық реформалар, адал бәсекелестік және экономикалық еркіндік, макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы әртараптандыру, адами капиталды дамыту және мемлекеттік басқару реформасы сияқты басымдықтарға негізделеді», - деп атап өтті СЖРА басшысы Әсет Ерғалиев.  

Жұмысқа Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, БҰҰ даму Бағдарламасы, шетелдік инвесторлар Кеңесі сияқты әріптес ұйымдар тартылды.

«Жаңа экономикалық саясат – құрылымдық реформаларды дайындау үшін негіз ретінде Мемлекет басшысы жариялаған экономикалық және саяси реформалардың ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. Іске асырылып жатқан реформалардың мақсаты – орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған елдің инклюзивті және тұрақты дамуының негізі болатын Қазақстанның жаңа экономикалық жүйесін қалыптастыр», - делінген агенттік хабарламасында.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.