$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2020, 09:37
Экономика

Қазақстан ең төменгі жалақы өсімінің әлемдік рейтингінде соңғы орында тұр

2020 жылы елімізде ең төменгі жалақы өзгерген жоқ

Қазақстан ең төменгі жалақы өсімінің әлемдік рейтингінде соңғы орында тұр
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан ең төменгі жалақы өсімінің әлемдік рейтингінде соңғы орында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Raіnking.kz-ке сілтеме жасап.

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, 2020 жылы елімізде ең төменгі жалақы 42,5 мың теңге болып қала беретіні туралы шешім қабылданды. 2018 жылы ол 28,3 мың теңге болған», деп жазады басылым.

Әлемдік рейтингті Picodi.com порталы жасаған. Олар заңды бекітілген 54 елдің ең төменгі жалақысына зерттеу жүргізген. Зерттеу кезінде мемлекеттерде салық жүктемелері әртүрлі болғандықтан, азаматтардың қолға алатын таза пайдасы ескерілген. 

Әлем бойынша ең төменгі жалақының жоғары болуы Люксембург (1989 АҚШ доллары), Австралия (1923 АҚШ доллары), Ирландия (1743 АҚШ доллары) мемлекеттерінде тіркелген. Сонымен қатар үздік ондыққа Нидерланд, Оңтүстік Корея, Канада, Бельгия, Германия мен Франция кірген. Ал Қазақстандағы ең төменгі жалақы рейтингті жасау барысында долларға шаққанда 98 АҚШ долларын құраған.

Әлем бойынша ең төменгі жалақы өсімінің рейтингінде Әзербайжан (бір жылда +37,7%) мен Аргентина  (37,1%) көш бастап тұр. Ал АҚШ, Испания, Латвия секілді елдерде ең төменгі жалақы 2019 жылдан бері өзгермеген. Ал ең төменгі жалақы өсімінің рейтингінде Қазақстан соңғы 54-орында тұр. Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы бұрынғы көлемде қалғанымен, қызметкердің қолға алатын ақшасы сақтандыру қорына ұсталатындықтан, 1,1%-ға азайды. Яғни, қолға түсетін таза пайда 38250 теңге емес, 37825 теңге болды. 

«Портал ең төменгі жалақыға алуға болатын азық-түлік бағасын да зерттеген. Тізімде нан, сүт, жұмыртқа, күріш, ірімшік, ет, жеміс пен көкөніс бар. Зерттеушілер анықтағандай, Қазақстанда осы тізімдегі азық-түліктерді алу үшін ең төменгі жалақының 58,7%-ы немесе 22,2 мың теңге кетеді. Бұл Қазақстанда бағаның өсуі жалақының өсуін басып озғанын көрсетеді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, азық-түлік бағасының өсімі рейтингінде Қазақстан 48-орын алған. 

Серіктес жаңалықтары