$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық қордың активтері 55,3 млрд долларға дейін төмендеді – Ұлттық банк

Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасы биыл 3,7-4,0%-ға өседі

Ұлттық қордың активтері 55,3 млрд долларға дейін төмендеді – Ұлттық банк
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың соңына таман инфляцияны 8,5% шегінде ұстап тұру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қыркүйек-қазан айларында инфляция 8,9%-дан 8,4%-ға дейін төмендетілді. Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасы Ғалымжан Пірматов Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. 

Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,7-4,0%-ға өседі, Ұлттық Банк оны 3,9-4,2% деңгейінде болжап отыр.  

«Халықаралық ұйымдар қысқа мерзімді кезеңде дисбаланстар аяқталса, 2022 жылдың ортасына таман бағаның тұрақтануын болжауда. Шикізат пен азық-түлік бағасының өсуі жалғасса, инфляцияның тұрақтануына ұзақ уақыт керек болады. Үдеп келе жатқан инфляциялық қысымды тежеу аясында Орталық банктер ақша-кредит талаптарын күшейте бастады, ол 2022 жылы белсенді түрде жалғасатын болады және қазірдің өзінде нарықтарға қысым көрсетуде», - деді Ұлттық банк Төрағасы. 

Ұлттық Банк осы жылғы 24 қаңтарда базалық ставканы 10,25%-ға дейін 50 базалық тармаққа көтерді. 

Сонымен қатар, Ғалымжан Пірматов 2021 жылы 2,7 трлн теңге түсім және 4,5 трлн теңге трансферттердің бөлінуіне байланысты Ұлттық қордың активтері 55,3 млрд долларға дейін төмендегенін мәлімдеді. 

«Нарықтардың құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қор кірістілігі 4,2% немесе 2,3 млрд доллар көлемінде қамтамасыз етілді», - деді Ұлттық банк Төрағасы.

Серіктес жаңалықтары