$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2020, 19:26
Экономика

Қазақстан Иранға тірідей қой-ешкі сатады, құрма мен жаңғақ алады

Былтыр екі ел дипломатиялық қатынастың 27 жылдығын атап өтті

Қазақстан Иранға тірідей қой-ешкі сатады, құрма мен жаңғақ алады

Тараптар 1992 жылы 29 қаңтарда ресми түрде байланыс орнатқан. 2014 жылы екі ел арасындағы алыс-беріс $987,1 миллионды құраған. 2015 жылы бұл көрсеткіш $635, 2 миллионға жетті. Парсы шығанағындағы елді кіші Буш қыспаққа алған 2016 жылы санкциялар кесірінен Қазақстан-Иран тауарайналымы $442 миллионға дейін кеміді. Ұлттық экономика министрлігі, Статистика комитетнің ресми сайтында 2018 жылғы экспорт-импорт көлемі жазылған. Ол $511 084  құрады. Қазақстан ислам республикасына саудалайтын негізі тауар -  астық. Қарақұмық және өзге дақылдар. Иранға қой мен ешкі етін ғана емес, ұсақ мал басын да тірідей теңіз асырамыз.

 Ал, Парсы шығанағы Қазақстанға алуан түрлі өнім импорттайды. Көш басында сыр, құрма, жаңғақ.  Дәрі-дәрмек пен құрылыс материалдары, сыр-бояуға дейін сатады.

Былтыр ақпан айында Мәскеуде Қазақстан, Ресей, Иран тарапы бидай экспортын қайта жолға қою бойынша Меморандум жасасты.  Соңғы жылдары Қазақстан астығын алуды азайтқан Иран бидайды қайта өңдеп, жақын елдерге экспорттауға ниет білдірген. Айта кету керек,  2019 жылы қазан айында  Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағын құру туралы құжат күшіне енді.

2016 жылы Хасан Рухани қысқамерзімді сапармен астанаға ат басын тіреді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Иранмен байланысты «сауда соғысына» қарамастан үзбегенін атап өткен еді. 2018 жылы 12 қарашада Хасан Рухани Қазақстанға тағы келді. Ол кезде Каспий теңізін жағалай қонған бес ел басшылары тарихи құжатқа қол қойды. Ақтауда өткен жиында БАҚ Руханидің қас-қабағын баққан. Өйткені, 20 жыл шекарасы айқындалмаған теңіз тағдыры Иран кей мәселелерге қатысты келіспеушілік танытқан соң, белгісіз болып қала берген.

Саммит барысында, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президентімен  жеке кездесіп, Парсы шығанағы ядролық келісімдер  бойынша шарттарды қалтқысыз орындап келе жатқанын атап өтті. 

Күні кеше болған генерал Қасем Сүлейманның өлімінен кейін Иран билігі ядролық келісімнен бас тартатынын хабарлады. Енді құжатта белгіленген шарттарды АҚШ санкцияларын алғаннан кейін ғана орындайтындарын айтып отыр.

Мөлдір Бақыт, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары