2020 жылы әлемде «супердағдарыс» болады - сарапшылар
Инвестициялық банктер 2020 жылға арналған болжамдарын ұсынды
Әлемдік инвестициялық банк сарапшылары 2020 жылы супердағдарыс болып, қор нарығы құлдырайтынын айтты. Сонымен қатар АҚШ мен Қытай арасындағы сауда соғысы мен АҚШ-тағы президенттік сайлау әлем экономикасына кері әсер ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі kapital.kz-ке сілтеме жасап.
JPMorganChase сарапшылары 2020 жылы «супердағдарыс» болатынын және қор нарығы құлайтынын айтты. Олардың айтуынша, инвесторлар азайып, арзан активтердің сатылуы да қиынға соғатын болады. Ал Дүниежүзілік банк сарапшылары биыл жаңа жаһандық қаржылық дағдарыс басталатынын болжады.
«Әлемдік қарыз көлемі 246 трлн доллардан асты. Бұл абсолютті рекорд, әрі бұл көрсеткіш жаһандық ІЖӨ-нен үш есе көп», - дейді Дүниежүзілік банк сарапшылары.
Deutsche Bank, Goldman Sachs, Bank of New York Mellon, BlackRock сарапшылары 2020 жылы доллар әлсірейтінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы мен АҚШ-тағы президенттік сайлау да экономикаға кері әсерін тигізеді.