ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға өсті

Әсіресе, пәтерлерді жалға алу құны айтарлықтай өскен

Фото: © Depositphotos.com/violetkaipa

Статистика комитетінің хабарлауынша, 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйдің әр шаршы метрінің бағасы 293,5 теңгені құраған. Бұл 2018 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 6,4% жоғары. Жайлы жабдықталған үйді алып-сату 6,2% өсіп, шаршы метрі 200,4 мың теңгені құрады. Ал, жабдықталған пәтерлерді жалға алу құны 7,1%-ға өсіп, 1,5 мың теңгеге дейін қымбаттаған.

Өңірлер арасында жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы бойынша айтарлықтай қымбатшылық Қостанай облысында тіркелді. Онда жаңа үйдің құны 10,2%-ға қымбаттап, шаршы метрі 229,8 мың теңгені құрады. Ал, республикалық маңызы бар қалалардың ішінде ең қымбат үйлер әдеттегідей Нұр-Сұлтан (373,7 мың теңге) және Алматы (357,2 мың теңге) қалаларында. Ең арзан үйлер Петропавл және Тараз қаласында (140 мың теңге).

Қайталама нарықтағы (вторичный) тұрғын үй бағасы Шымкент қаласында айтарлықтай өскен (16,4%), шаршы метрі 218,2 мың теңге. Бұл ретте ең қымбат үйлер Нұр-Сұлтан (363,8 мың теңге), Алматы (366,6 мың теңге) қалаларында. Ал, ең арзан үйлер Қызылорда қаласында (144,7 мың теңге).