«Қазақтелеком» Kcell-ге тиесілі «КТ-Telecom» компаниясын сатып алды

Қыркүйектің соңында «Қазақтелеком» АҚ «Kcell» АҚ-ның 24% акциясын алған

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақтелеком» АҚ 5 қазан күні бұрын «Kcell» АҚ меншігінде болған «КТ-Telecom» ЖШС-нің 100% үлесін сатып алды, деп хабарлайды naryk.kz.

Осылайша қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ меншігінде «Kcell» АҚ-ның 51% акциясы, «Khan Tengri Holding B.V.» компаниясының 100% акциясы, «KT Cloud Lab ЖШС-нің 70% акциясы, «KT-IX» ААҚ-ның 100% акциясы, «Востоктелеком» ЖШС-нің 100% акциясы, «Цифрлы экономиканы дамыту орталығы» ЖШС-нің 100% акциясы, «Нурсат+» ЖШС-нің 100% акциясы және «Qazcloud» ЖШС-нің 49% акциясы бар.

Айта кетейік, қыркүйектің соңында «Қазақтелеком» АҚ «Kcell» АҚ-ның 24% акциясын алған еді. Ал 9,08% акциясын Jusan Bank сатып алған. Сонымен қатар Pioneer Technologies S.A.R.L «Kcell» АҚ-ның 14,87% акциясын иеленді.

Қазір «Қазақтелеком» АҚ-ның ең ірі акционері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Оның үлесі - 45,9%, екінші иесі - SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A. (Люксембург) үлесі 22,01% және THE BANK OF NEW YORK MELLON DRS үлесі 8,62%.

«Қазақтелекомның» қазіргі жалпы активы - 1,1 трлн теңге, жалпы міндеттемелері - 556,4 млрд теңге. Өзіндік капиталы - 553,8 млрд теңге. Таза пайдасы - 58,1 млрд теңге.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.