Энергетика министрлігі дизель бағасының тағы қымбаттайтынын айтты

2025 жылға дейін біздегі баға көрші елдердегі бағамен теңеседі

Энергетика министрлігі дизель бағасының тағы қымбаттайтынын айтты
Фото ашық дереккөзден

Елімізде дизель отынының орташа құны литріне 207 теңгені құрайды. Бұл Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдерімен салыстырғанда ең арзан баға. Сондықтан шекаралас мемлекеттердің көлік жүргізушілері біздің елімізден дизельді тонналап құюып алуды әдетке айналдырған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте айтылды.

«Қазір ішкі нарықтағы баға өте төмен болғандықтан, біз тек қазақстандықтарды ғана емес, жанымыздағы көрші елдерді де арзан отынмен қамтамасыз етіп отырмыз. Барлық транзиттік көліктер Қазақстан аумағында дизельді 1 тоннадан құйып алады. Бұл біздің ішкі сұранысқа кері әсерін тигізуде. Біздің есептеуіміз бойынша дизель отынының ішкі нарықтағы сұранысы айына 50-60 мың тоннаға дейін өсіп кетті», - деді вице-министр.

Әсет Мағауовтың айтуынша, жүк көлік жүргізушілеріне арзан баға тиімді болғанымен, ел экономикасына оның кері әсері тимек. Яғни бюджетке түсетін салықтың көлемі еселеп азаюы мүмкін.

«Егер де шекараларды жауып, дизельмен тек отандық көліктерді қамтамасыз етсек, тапшылықтың болмайтыны сөзсіз. Бірақ біз ашық нарықтағы мемлекетпіз. Сондықтан да біз ақырындап бірыңғай нарыққа келеміз. 2025 жылдан бастап ЕАЭО елдерінің мұнай өндірісіндегі өнімдері бірдей бағада болады. Біз соған келе жатырмыз. Сонда ғана бізде ішкі сұраныс азаяды деп есептеймін», - деді Әсет Мағауов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.