$ 530.24  543.97  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2021, 11:13
Экономика

Қазақстанда ұн бағасы қымбаттап жатыр

Жылдық динамикада ұн бағасы 11,1%-ға өсті

Қазақстанда ұн бағасы қымбаттап жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы қаңтар мен шілде аралығында елімізде 1,8 млн тонна ұн өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға азырақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұнды Қостанай облысы ең көп өндірген: өңірдегі ұн өндірісі жарты жылда 587,3 мың тоннаны құрады, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 7,8%-ға көбірек. Үздік үштіктің қатарына Шымкент (189,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 17,4%-ға аз) және Солтүстік Қазақстан облысы (176,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 3%-ға көп) кірді.

2020 жылы еліміздегі ұн өндірісі 3,4 млн тонна болды, алдыңғы жылға қарағанда бұл 2,6%-ға артық.

Ұн өндірісі көлемінің едәуір бөлігі, яғни 92,8%-ы (1,7 млн тонна) бидай ұнына тиесілі, бұл 2020 жылға қарағанда 3,3%-ға аздау.

Ұнға сұранысты (ішкі нарық пен экспорт) жергілікті компаниялар толықтай қанағаттандырып отыр деуге болады, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанға небәрі 7 мың тонна ұн (былтырға қарағанда 7,6%-ға көп) импортталған.

Қазақстандық нарықта биылғы тамызда 1-сортты бидай ұны келісінің бөлшек саудадағы орташа бағасы 183 теңгені, ал жоғары сорттысы 253 теңгені құрады.

Ірі қалалар арасында 1-сортты бидай ұны Ақтау (келісі 256 тг), Нұр-Сұлтан (келісі 237 тг) және Алматыда (келісі 236 кг) қымбат болып шықты; ең арзан баға Ақтөбеде (келісі 128 тг) тіркелген.

Жоғары сортты ұн Нұр-Сұлтан (келісі 327 тг), Атырау (келісі 327 тг) және Алматыда (келісі 287 тг) қымбат; ең арзан баға – Павлодарда (келісі 180 тг).

Жылдық динамикада ұн бағасы 11,1%-ға өсті. Мұны бәрінен бұрын Жамбыл (23,4%-ға қымбаттады), Солтүстік Қазақстан (21,3%-ға қымбаттады) облысы тұрғындары мен алматылықтар (17,3%-ға қымбаттады) қаттырақ сезді.

Серіктес жаңалықтары