Жыл басынан бері қазақстандықтар 10 трлн теңгеге сауда жасаған
Көшті 3,1 трлн теңгеге сауда жасаған алматылықтар бастап тұр
Қазақстан тұрғындары қаңтар айынан бері базарлар мен дүкендерге 10 трлн теңгесін қалдырған деп хабарлайды Ranking.kz.
2019 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша, бөлшек сауданың айналымы 10 трлн теңгеге жетіп, былтырмен салыстырғанда 12,5%-ға жоғарылады. Жалпы, ішкі сауда айналымындағы бөлшек сауданың үлесі 30,7%-ды құрап отыр.
Қазақстан бойынша ең бөлшек сауданың ең үлкен үлесі Алматыға тиесілі. Мегаполис тұрғындары 11 айда 3,1 трлн теңгеге сауда жасаған. Екінші орында Нұр-Сұлтан – 1,1 трлн, үшінші орында Қарағанды облысы – 877,8 млрд теңге.
Сауда көрсеткіштерінің өсімі республиканың барлық өңірінде байқалған. Дегенмен, батыс облыстарда басқаларымен салыстырғанда әлдеқайда төменірек.