$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2021, 18:08
Экономика

«Нұрлы жер»: жыл соңына дейін елімізде 24,8 мың отбасы баспаналы болады

Пәтерлер әлеуметтік топқа жататын азаматтарға беріледі

«Нұрлы жер»: жыл соңына дейін елімізде 24,8 мың отбасы баспаналы болады
PrimeMinister.kz

2021 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстанда 3,5 млн шаршы метр пәтер пайдалануға берілген. Яғни, 28,9 мың отбасы баспаналы болған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы 17 млн шаршы метр баспана салынады. Бұл – 163,1 мың жаңа пәтер. Оның 24,8 мыңы мемлекеттік бағдарлама аясында үлестіріледі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 24,8 мың отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ал «Отбасы банкі» «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» және «5-20-25» бағдарламаларының шарттарымен 23 мың жеңілдетілген несие береді», - делінген аталған хабарламада.

Қолдау шараларымен негізінен жетім балалар, мүгедек жандар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар сияқты кезекте тұрған азаматтар және мегаполис қалалардың жұмыс істейтін жастары қамтылады.

Серіктес жаңалықтары