$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2021, 12:12
Экономика

Қазақстанда ақпан айында азық-түлік тауарлары қымбаттады

Ақпанда инфляция 0,7%-ды құрады

Қазақстанда ақпан айында азық-түлік тауарлары қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ақпан айында күнбағыс майы, қант, жұмыртқа, ұн, жарма және тауық қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы ақпанда инфляция 0,7% құрады, жылдық мәнде өзгеріссіз қалды – 7,4%. Инфляцияға негізгі үлес бұрынғыдай азық-түлік тауарларына бағаның өсуі ықпал етеді, ақпан айында азық-түлік инфляциясының 11,6% дейін аздап жеделдеуі тіркелді (2021 жылғы қаңтарда – 11,4%).

Күнбағыс майының (41,9%, г/г), қанттың (39,1%), жұмыртқаның (32,9%) одан әрі қымбаттауы байқалды. Сонымен қатар, ұнның, жарма мен нанның жекелеген түрлерінің қымбаттауы байқалады. Сондай-ақ, бағаның ұзақ уақыт төмендеуінен кейін құс еті бағасының жылдық өсуі тіркелді.

Әлемдік азық-түлік нарықтарында іс жүзінде барлық өнім түрлерінің қымбаттауы жалғасуда, атап айтқанда, 2021 жылғы ақпанда қант пен өсімдік майларына ең жоғары өсу қарқыны байқалды.

Қазақстанда 2020 жылғы қарашадан бастап шикізат қорларының төмендеуі, сондай-ақ дақылдардың кейбір түрлері бойынша егіннің неғұрлым төмен көрсеткіштері аясында өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында бағаның жедел өсуі байқалады. Бағаның ең үлкен өсімі тамақ өнімдері өндірісінде 13,1%-ға (ж/ж), соның ішінде өсімдік және жануар майлары (37,3%), қант (23,1%), ұн-жарма өнімдері (15,8%) өндірісінде тіркелді. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыртқа (44,5%), майлы тұқымдар (30,8%), картоп (22,9%) бағасының жылдық өсуі байқалды.

Серіктес жаңалықтары