Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Шетелдік инвестиция: алты айдағы көрсеткіш 12,1 млрд доллар

2018 жылдың алты айындағы ТШИ көлемі 12,5 млрд доллар болған

2018 жылы әлем бойынша инвестиция ағыны азайғанмен, Қазақстанда өсім байқалды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі 15,8%-ға артып, 24,3 млрд долларға жеткен. ТШИ-дің жалпы ішкі өнімге қатынасы 14,5%-ға жетті (2017 жылы 12,9% болған). 2022 жылы Қазақстан үкіметі жалпы ішкі өнімдегі тікелей шетелдік инвестиция ағынының үлесі 19%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды. 

2019 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда шетелдік капиталмен жұмыс істейтін 16,8 мың компания бар екен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18,1% жоғары.

Үкімет 2027 жылға дейін Қазақстандағы өңдеу секторына 91 ірі компанияны тарту, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың Қазақстан нарығынан кетуіне жол бермеу туралы мақсат қойып отыр.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға тартылған ТШИ көлемі 320 млрд АҚШ долларына дейін жетіпті. Оған қоса, соңғы 10 жылда Қазақстан экономикасына 250,2 млрд доллар көлемінде қаржы келген. ТШИ-дің ең жоғарғы көрсеткіші 2011 (26,5 млрд доллар), 2012 (28,9 млрд доллар) және 2018 (24,3 млрд доллар) жылдары тіркелген.

2019 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіш бойынша ел экономикасына тартылған ТШИ көлемі 12,1 млрд долларды құраған. Өткен жылдың алты айындағы көрсеткіш - 12,5 млрд доллар. 2018 жылы ТШИ ең көп тартылған елдер – Нидерланд (7,4 млрд долллар), АҚШ (5,3 млрд доллар) және Швейцария (2,5 млрд доллар).