ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстан ақпан және наурыз айларында мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұндай шешім ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің отырысында қабылданды

Фото: ашық дереккөзден

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің 2020 жылы қабылдаған шешімдері әлемдік мұнай нарығындағы бағаны тұрақтандыра алғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда қолданыстағы келісім мұнай индустриясына оң серпін беріп отыр», – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Отырыс қорытындысы бойынша, келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартуды 2021 жылғы наурыз айына дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңде мұнай өндіруді тәулігіне 10 мыңнан 65 мың баррельге дейін кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздейтін жекелеген шарттар келісілді.

Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер ақпанда тәулігіне 1,427 млн баррельді және наурыз айында тәулігіне 1,437 млн баррельді құрайды.