ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

«Made in China»-дан бас тартып келеміз: 2020 жылғы Қытай-Қазақстан арасындағы сауда қатынастары қандай болды?

Аспан асты елінің Қазақстан тауарларына сұранысы керісінше, артып келеді

Фото: ашық дереккөзден

Әлемдік пандемия мен АҚШ санкцияларына қарамастан, Қытай сауда саласында өз орнын сақтап қалудан дәмелі. Көрші Қытай еліне Қазақстаннан жөнелтілетін тауарлар мөлшері артты. Ал, «Made in China» тауарларына сұраныстың азайғаны сандардан байқалады.

Сонымен, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының мәліметтеріне сүйене отырып Azattyq Rýhy тілшісі 2020 жылғы сауда-саттықты қортындылайды:                

2020 жылы Қытайға жөнелтілген қазақстандық экспорт көлемі 7,6 млрд долларды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 14,6 %-ға өскен.

ЭКСПОРТ

Қытайға экспорттың өсуі мына тауарларды жеткізудің артуымен байланысты:

  •  мыс кендері мен концентраттары - 47,4 %-ға немесе $307,3 млн-ға;
  •  уран - 75,5 %-ға немесе $289,6 млн-ға;
  •  мыстан жасалған мыс өнімдері және катодтар - 18,4 %-ға немесе $229,5 млн-ға;
  •  шикі мұнай - 23,3 %-ға немесе $222,2 млн-ға;
  •  ыстықтай илемделген қоспасыз болат - $85,5 млн-ға өсті.

Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Қытайдың мына тауарларын сатып алған:  

ИМПОРТ

Алайда, Қытайдан 2020 жылы импортталған тауар $4,9 млрд. құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,3 %-ға төмендеді.

Қытайдан импорттың қысқаруы мынадай тауарларды әкелудің төмендеуімен негізделеді:

  •  сәйкестендірілмеген тауарлар - 100% - ға немесе $357,7 млн-ға;
  •  қара металдардан жасалған дәнекерленген құбырлар мен түтікшелер - 94,7% - ға немесе $124,5 млн;
  •  ойыншықтар мен басқатырғыштар - 63,5% - ға немесе $78,4 млн-ға;
  •  диодтар, транзисторлар және ұқсас жартылай өткізгіштер - 45,6% - ға немесе $66,2 млн-ға;
  •  жол және құрылыс техникасы - 30,5% - ға немесе $46,8 млн-ға қысқарды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан