KazAtomProm шығынға батырған еншілес компанияларын сатылымға шығарды
Үш компанияға қатысты аукцион 2021 жылдың 12 ақпанында өтеді
Мемлекеттік мүлік тізілімінің сайты арқылы үш ЖШС – KazSilicon, Astana Solar және Kazakhstan Solar Silicon жарғылық капиталында 100% қатысу үлесін сату бойынша аукцион өткізу жоспарлануда.
Сауда алаңындағы ақпаратқа сәйкес, Kazakhstan Solar Silicon компаниясының бастапқы бағасы 5,5 млрд теңге, KazSilicon металлургия комбинатына - 707 млн теңге, Astana Solar - 3,3 млрд теңге деп көрсетілген.
Astana Solar – 2011 жылғы желтоқсаннан бастап «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағының қатысушысы. Бұл ЖШС фотоэлектрлік модульдерді құрастырады, ал кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 50 МВт (бұл 217 000-нан астам фотоэлектрлік модуль).
«Модульдердің жылдық шығарылымы 50 МВт құрайды. Өндірістің бұл көлемі компанияға сатып алу көлемінің аздығына байланысты және ауқым әсерінің болмауына байланысты күн модульдерінің әлемдік өндірушілерімен бәсекелесуге мүмкіндік бермейді», - делінген бағалау есебінде.
2020 жылғы 30 маусымда компания активтері 2,8 млрд теңгені, капитал – 758,2 млн теңгені құрады. 2020 жылғы қаңтар-маусымда ұйым 248,6 млн теңге шығынға батты.
Kazakhstan Solar Silicon фотоэлектрлік модульдер жасау үшін қолданылатын кремнийден фотоэлектрлік ұяшықтар шығарумен айналысады.
KazSilicon металлургиялық кремний өндірумен, құрамында кремний диоксиді 98,5-99,5% болатын өзекті кварц өндірумен және өңдеумен айналысады.
Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» осы еншілес компанияларды бірнеше рет сатуға тырысты. Нәтиже бермеген барлық үш компанияның соңғы сауда-саттықтағы 100% үлесінің бастапқы бағасы 18,277 млрд теңгені құрады.