$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2020, 09:40
Экономика

Қазақстан келер жылы тәулігіне 1,417 млн баррель мұнай өндіреді

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 500 мың баррельге арттыру туралы келісімге келді 

Қазақстан келер жылы тәулігіне 1,417 млн баррель мұнай өндіреді
Фото: ашық дерек көздерден

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«3 желтоқсанда видеоконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрліктерінің кездесуі өтті. ОПЕК+ кездесуінде Қазақстан тарапын Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев таныстырды. Оның айтуынша, ОПЕК+ келісімі әлемдік мұнай индустриясына оң ықпалын тигізеді, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтап, мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығын тұрақтандырады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кездесудің қорытындысы бойынша, 2021 жылдың қаңтар айында мұнай ұсынысын ОПЕК+ елдерінің жалпы өндіру көлемінен тәулігіне 500 мың.баррельге арттыру туралы шешім қабылданды. 

«ОПЕК+ елдерінің жалпы шектеуі 2021 жылдың қаңтарында негізгі деңгейден тәулігіне 7,2 млн. баррельді құрайды. Қазақстан үшін шектеу деңгейі 2021 жылдың қаңтарында тәулігіне 1,417 млн. баррельді құрайды», - делінген хабарламада.  

Айта кетерлігі, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қатысушы елдер мұнай нарығындағы ағымдағы жағдайды бақылау және бұдан әрі шектеудің деңгейін анықтау үшін ай сайын кездесу өткізіп тұру туралы келісімге келді.

Серіктес жаңалықтары