$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2020, 13:07
Экономика

Пандемия Қазақстан мен Италия арасындағы сауда айналымына қаншалықты әсер етті?

Кей тауарлар бойынша экспорт, импорт көлемінде өсім бар

Пандемия Қазақстан мен Италия арасындағы сауда айналымына қаншалықты әсер етті?
көрнекі сурет: afk.kz

Италия - Қазақстан үшін экспорт жасауда алғашқы орында тұрған серіктес. Еуропаның оңтүстігінде орналасқан мемлекет Қазақстанның қандай тауарларын алады? Azattyq Rýhy тілшісі екі ел арасындағы сауда-саттық қатынасы туралы хабарлайды. 

QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы берген мәлімет бойынша, 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Италияға жөнелтілген қазақстандық экспорттың көлемі 5 479,1 млн долларды құрады.

Пандемия салдарынан аталған уақыт аралығында Италияға қазақстандық экспорт 20,4%-ға төмендеді.

Алайда, мына тауар түрлері бойынша өсім байқалады:

  • қымбат металдардың қалдықтары мен сынықтары - 57,4% ($3,5 млн-ға);
  • ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер - 10,8 есе ($2,9 млн-ға);
  • бидай - 7,2% ($1,8 млн-ға);
  • өсімдік майларын алу кезінде алынған қалдықтар - 71,7% ($1,7 млн-ға);
  • зығыр тұқымы – 20,5 есе немесе ($1,5 млн-ға).

Ал импортқа келер болсақ, Қазақстанның Италиядан тауар тасымалы қаңтар-қазан айларында 751,5 млн долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,1% пайызға төмен.

Кей тауар түрлеріне қатысты импорт көлемінде өсім байқалады:

  • центрифугалар, сұйықтықтар мен газдарды сүзуге арналған жабдықтар - 2,9 есе ($13,2 млн-ға);
  • бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар - 30% ($12 млн-ға);
  • қозғалтқыштар мен күш қондырғылары – 5,2 есе ($8,2 млн-ға);
  • бұрандалар, қара металдардан жасалған бұйымдар - 91,3% ($5,2 млн-ға);
  • өсімдіктер, саңырауқұлақ мицелийі - 82,5% (4,2 млн).

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары