$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2020, 15:23
Экономика

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 11 орында тұр

Шикі мұнай өндірісі бір жылда 6% азайған

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 11 орында тұр
Фото: ашық дерек көздерден

Соңғы 10 айдағы көрсеткіш бойынша, Қазақстандағы шикі мұнай өндірісі 61 млн тоннаны құрады. Ресми ақпаратқа сәйкес, шикі мұнай өндірісі бір жылда 6% азайған.  

Energyprom.kz хабарлағандай, 2020 жылғы мұнай қоры бойынша елдер арасында анықталған рейтингте Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11-ші орын иеленді.

Рейтингте 302,8 млрд баррельмен Венесуэла көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Сауд Арабиясы мен Канада бар.  

Ақшалай алғанда шикі мұнай өндірісінің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады.

«Елімізде мұнай өндіретін ең негізгі екі аймақ – Атырау мен Маңғыстау. Өндірістің 64,3%-ы  Атыраудың, 22,8%-ы Маңғыстаудың еншісінде. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына тең 55 млн тонна мұнай экспорттады», - делінген дереккөз берген ақпаратта. 

Серіктес жаңалықтары