03.12.2020, 11:24
Экономика
Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді
Бір күнде «америкалық» купюра 2,61 теңгеге арзандады
Фото: ашық дерек көздерден
KASE деректеріне сәйкес, Қазақстанда доллар бағамы төмендеді.
Биржадағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 422,66 теңгені құрады. Бір күнде «америкалық» купюра 2,61 теңгеге арзандады. Ал доллардың ресми бағамы 3 желтоқсанда 425,49 теңгені құрады.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы – 424,49 теңге, ал сатып алу – 422,84 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орташа есеппен 424,69 теңгеден сатады, 423,28 теңгеден сатып алады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
