$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 11:52
Экономика

Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы: экспорт та, импорт та азайған

QazTrade екі ел арасындағы сауда айналымына қатысты мәлімет берді

Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы: экспорт та, импорт та азайған
Көрнекі фото: sputniknews.kz

АҚШ Қазақстанның қандай тауарларына қызығушылық танытады. Ал Қазақстан АҚШ-тан не сатып алып жүр? Екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасы туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.

2020 жылғы Қазақстан экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға азайып, $472,4 млн құрады. QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы берген мәлімет бойынша, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде АҚШ-қа экспортталатын негізгі тауарлар мыналар:

АҚШ-қа экспорттың төмендеуі негізгі тауар түрлері бойынша байқалғанымен, мына тауарларды жеткізудің өсуі байқалады:

  • тантал және одан жасалған бұйымдар - 61,8%-ға немесе $4,3 млн-ға;
  • магний және одан жасалған бұйымдар - 82,2% -ға немесе $741,1 мыңға;
  • бериллий, хром, германий, ванадий, галлий және басқа да сирек металдар мен олардан жасалған бұйымдар - 62,2%-ға немесе $646 мыңға ұлғайды.

Сондай-ақ, импортталатын тауарларға келер болсақ, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айланыда Қазақстанға АҚШ-тан $850 млн сомасына тауар импорттады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға төмен ($1 034,3 млн).

Айта кетерлігі, импорт мөлшері азайғанымен, кей тауардың жеткізілуіне қатысты өсім байқалады:

  • бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар - $30,3 млн-ға;
  • механотерапияға арналған құрылғылар, және басқа да тыныс алу терапиялық аппаратурасы - $16,2 млн-ға;
  • телефон аппараттары - $11 млн-ға өскен.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары