Байден жеңісінен соң Гонконг биржасы өсті
АҚШ-тың жаңа президенті келген соң Қытаймен қарым-қатынас реттелуі мүмкін

Гонконг қор биржасындағы жаңа сауда аптасы дүйсенбіде Джозеф Байденнің АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісінен соң бағаның өсуімен ашылды. Hang Seng индексі 444 пунктке (1,73%) — 26 157 пункт мәніне дейін көтерілді.
«Байденнің жеңісі Қытай-Америка қатынастарындағы шиеленісті жеңілдетуі мүмкін», — деді қаржы сарапшысы Фрэнсис Лунь.
Өсімнің алдыңғы қатарында жоғары технологиялық экспортқа, автомобиль өндірісіне және сақтандыруға байланысты акциялар болды.
Оң аймақта сондай-ақ, материктік Қытай, Тайвань, Жапония, Корея Республикасы және Сингапурдың қор алаңдарында таңертеңгі сауда-саттық ашылды.
Айта кетерлігі, дүйсенбідегі Токио қор биржасының негізгі индекстері 1991 жылғы қарашадан бастап АҚШ президент сайлауының қорытындылары аясында кезекті максимумға дейін өсті.