$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2020, 12:51
Экономика

Дәленов: Келесі жылы ЖІӨ өсімі 2,1 пайыз деңгейінде болады

Халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының биылғы өсімін минус 2,3 пайыздан минус 2 пайыз аралығында бағалап отыр

Дәленов: Келесі жылы ЖІӨ өсімі 2,1 пайыз деңгейінде болады
Фото: Алиакпар Қадырбаев

Бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобалары қабылданды.

«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі жарлығымен Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 770 млрд теңге сомасында айқындалды. Заң жобасында 2020 жыл бойынша осы соманы қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда белгілеу көзделеді», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Сондай-ақ министр еліміздегі экономиканың даму болжамына тоқталды. Дәленовтың айтуынша, халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының биылғы нақты өсімін  минус 2,3 пайыздан минус 2 пайыз аралығында бағалап отыр. Осылайша, министр келер жылы нақты ЖІӨ өсімі 2,1 пайызды құрайтынын айтты.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары