$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2020, 10:43
Экономика

Әлемдік қаржы және тауар нарығы пандемия салдарынан әлі де құбылмалы

Осы жылдың қыркүйегінде дамушы елдердің қор нарықтарының индексі 3,59%-ға төмендеген

Әлемдік қаржы және тауар нарығы пандемия салдарынан әлі де құбылмалы
Фото: ашық дереккөзден

Әлемдік қаржы және тауар нарығы пандемия салдарынан әлі де құбылмалы. Осы жылдың қыркүйегінде дамушы елдердің қор нарықтарының индексі 3,59%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Аталған факторлар басқа елдердегі доллар құнының өсуіне және алтынның 4%-ға арзандауына әкеп соқты.

«Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі құрылыстағы (49,1 тармаққа дейін 5,5 тармаққа) және қызмет көрсету саласындағы (47,3 тармаққа дейін 3,1 тармаққа) өсу есебінен ағымдағы жылғы қыркүйекте бір ай бұрынғы 45,4 тармақтан 47,6 тармаққа дейін көтерілді» - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі осы жылдың тамызында 10,9%-дан 10,8%-ға дейін төмендеп, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа бағасының өсу қарқыны баяулағанын айтты.

Ал доллардың нығаюы мен мұнай бағасының арзандауы дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне себеп болып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк төрағасы қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамының құбылуын сыртқы факторлардың қысымымен байланыстырды.

«Ағымдағы жылғы қыркүйекте әлемнің жекелеген өңірлерінде коронавирустың қайта өршуі аясында мұнайға сұраныстың әлсіреуіне байланысты қара алтын шамамен 10%-ға (9,56%) арзандады. Мұнай бағасы осы жылдың тамызынан бастап ОПЕК+ мұнай өндіруді шектеу, Сауд Арабиясының мұнай бағасын төмендетуі және Ливиядағы мұнай өндіруді қалпына келтіру қысымында болды. Дамушы елдер валюталарының жалпы динамикасы аясында қазақстандық теңге бір айда АҚШ доллары үшін 420,11 теңгеден 431,81 теңгеге дейін 2,8%-ға әлсіреді» - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Сондай-ақ Ерболат Досаев осы жылдың қазан айының басында мұнай бағасының бірқалыпты өсуі аясында 1 АҚШ доллары 427,83 теңгені құрап, отандық валютаның 1%-ға нығайғанын айтты.
 

Серіктес жаңалықтары