Доллар 400 теңгеге дейін көтеріле ме? - экономист пікірі
Экономистердің болжамынша, таяуда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамында айтарлықтай өзгеріс болмайды
Сарапшылар жыл соңына дейін ұлттық валюта бағамы қандай көрсеткіште болатынын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Экономистердің болжамынша, таяуда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Айта кетейік, бүгінгі жағдай бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы - 388,70 теңге.
Экономист Айдархан Құсайынов соңғы уақытта теңгенің бір бағамды сақтап тұрғанын айтады.
«Жыл соңына дейін ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырамайды, бірқалыпты көрсеткішті сақтайды. Қалай болды, солай қалады. Ешқандай макроэкономикалық өзгеріс күтілмейді. Себебі біздің ұлттық валюта бағамының саясаты қалыптасты деуге болады. Сондықтан осы көрсеткіш сақталады. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Осыған дейін 390-ға жетті ме, сол көрсеткіште қалады. Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы бірнеше жыл бойы 150 теңге болған еді, сол сияқты 390 теңге деңгейінде сақталады», - дейді Құсайынов.
Экономист ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 400 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін екенін жоққа шығарды.