Сауда министрлігі отандық өндірушілерге Америка нарығына шығуға көмектеседі
Экспорттық өнім шығаратындарға 1 ай бойы семинар өтеді

СИМ 12 қарашадан бастап желтоқсан айының ортасына дейін өтетін отандық өндірушілер, зертхана сарапшылары, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, министрліктер мен ведомстволар, өңірлер әкімдіктерінің өкілдері үшін оқыту семинарларын бастады. GLP зертханалық практикасының қағидаттарын енгізу бойынша әлемдік деңгейдегі үздік сарапшылар шақырылды.
"Бүгінде министрлік бірінші кезектегі міндеттердің қатарында жаңа озық стандарттар мен аккредиттеу бағыттарын жеделдете енгізу бойынша жұмысты бастады", – деп Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов атап өтті.
Осыған орай органикалық және халал өнімдерді сертификаттау, жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі, Global G.A.P. тиісті ауыл шаруашылығы тәжірибесі бойынша, инспекция жөніндегі органдарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жүйесіне, жылжымайтын мүлікті басқаруға, активтерді басқаруға қойылатын талаптар бойынша көзделген жаңа 15 бағыт енгізілуде. Осы жұмыс шеңберінде өзге нарықтарға ену үшін сақталуы қажет қолданыстағы талаптар мен ережелер туралы, сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.
"Біз бірлескен жұмыс барысында экономиканы және әлемдік нарықты бәсекеге қабілетті, сапалы өніммен молайтуға қабілетті мықты ұлттық экспорттаушыны құруға өз үлесімізді қосамыз",- деді министр.
Қазақстандық өнімнің GLP қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі шетелдік әріптестер үшін оның жоғары сапасын білдіреді және Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына қол жеткізуге құқық береді.