Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Олжас Құдайбергенов жаңа қызметке сайланды

Экономист бұған дейін Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болған еді

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды.

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысында мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды. Ведомство басшысы Руслан Дәленов кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Кеңес төрағасы болып экономист, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Кеңестің міндеті - мемлекеттік саясаттың бақыланатын басым секторларында жүктелген міндеттерге қол жеткізу үшін министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.

Басқарушы кеңестің құрамына: Министрліктің басшылығымен қатар (қарастырылып отырған мәселелердің құзыретіне сәйкес) ҚР Президенті жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов, төраға, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, «DAMU Research Group» ЖШС басшысы Тимур Айсауытов, ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды бағалау және мониторингілеу орталығы жанындағы сараптамалық-талдау тобы жетекшісінің орынбасары Ержан Елекеев кіреді.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Олжас Құдайбергенов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды.