Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

Қор қазақстандық кәсіпорындарды 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етеді

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды
Фото: kursiv.kz

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қор индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасының қаржы операторы мен «Нұрлы жол» – «ҚДБ-Лизинг» АҚ базасында құрылды.

«Қорды құру өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ол қазақстандық кәсіпорындарды 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталады», - делінген хабарламада.

Қор қызметінің негізгі басымдығы – Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын жаңғырту және отандық өндіріс тауарларына деген сұранысты ынталандыру бағытындағы бағдарламаларды іске асырады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.