Алматы облысында ШОБ қолдауға 15,8 млрд теңге бөлінеді

Секторда шамамен 252 мың адам жұмыс істейді

Алматы облысында ШОБ қолдауға 15,8 млрд теңге бөлінеді

Алматы облысында 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар бойынша қолдау алады. Бұл мақсатқа 15,8 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында мемлекеттік қолдау «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша – 9,1 млрд теңгеге, «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 279,5 млн теңгеге және ауылдық жерлер үшін – 4,6 млрд теңгеге, гранттар беру үшін – 804,3 млрд теңгеге, «Жетісу» бағдарламасы бойынша 1,0 млрд теңгеге көрсетілетіні айтылды.

Әкімдікте хабарлағандай, өңірде 118 875 бизнес субъектісі салықтық ынталандырулар алды, ал 641 компанияға несиелер бойынша кейінге қалдырулар берілді.

Айта кетейік, облыста шағын және орта бизнес секторында 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 251,5 мың адам жұмыспен қамтылған. 2019 жылдың қорытындысы бойынша өнім шығару көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, 1 535,6 млрд теңгені құрады (2018 жылы-1 367,7 млрд теңге). 2020 жылдың І тоқсанында өнім шығару көлемі 260,7 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта өнім шығарудың күтілетін көлемі 565,6 млрд теңгені құрайды. 2020 жылға жоспар - 1 650,3 млрд теңге.  2020 жылдың 8 айында ШОБ субъектілерінен бюджетке 70 млрд теңге түсті, бұл өткен жылдың деңгейінен 800 млн теңгеге жоғары. 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.