Жыл басынан бері Қазақстанда қанша тонна мұнай өндірілді?

Биыл 90,5 тонна қара алтын өндіру жоспарланған

Фото: ашық дерек көзінен

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша 10 ай қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 74,8 млн. тоннаны құрады.

«Еліміздің үш ірі мұнай-газ жобасында өндіру көлемі мынадай: Қашағанда – 11,5 млн. тонна, Теңізде – 24,6 млн. тонна, Қарашығанақта – 9,1 млн. тонна»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ағымдағы жылы үш ірі жобада негізгі өндірісті толық тоқтату арқылы күрделі жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды:

- Қашағанда -  14.04.2019 – 19.05.2019 аралығында өткізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен 15 күн бұрын аяқталды;

- Теңізде –  01.08.2019 - 12.09.2019 аралығында өткізіліп, күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен 3 күн бұрын аяқталды;

- Қарашығанақта жөндеу жұмыстары 15.09.2019 - 13.10.2019  аралығында өткізілді.

Негізгі өндірісті толық тоқтатқанға қарамастан, жылдың соңына өндірудің болжамды көлемі ұлғайды. Атап айтсақ, Қашағанда – 13,5 млн. тоннадан 14,5 млн. тоннаға дейін, Теңізде – 29 млн.тоннадан 29,6 млн тоннаға дейін, Қарашығанақта –11 млн. тоннадан 11,2 млн. тоннаға дейін артты.

«Өндіру қарқынын ескере отырып, Министрлік еліміз бойынша жылдық өндіру болжамын 90,5 млн.тоннаға дейін көтерді. Бұл 2018 жылдың фактісінен жоғары, өткен жылы 90,4 млн.тонна көлемінде болған»,- дейді министрлік. 

Загрузка новостей...
Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты