Zoom-ның негізін қалаушы бір күнде 5 миллиард доллар тапты

Сервис эпидемия кезінде негізгі бенефициарға айналды

Zoom-ның негізін қалаушы бір күнде 5 миллиард доллар тапты
Фото: ашық дереккөзден

Zoom онлайн кездесу қызметінің негізін қалаушы Эрик Юань бір күнде 5,2 миллиард доллар тапты. Осылайша, оның дәулеті 22 миллиард долларға жетті, деп жазады Курсив.

Zoom акциялары 31 тамыз, дүйсенбіде өзінің тоқсандық кірісі туралы есепті жариялағаннан кейін 32 пайызға өсті, ол жылдық көрсеткіштен 355 пайызға өсіп, 664 миллион долларға жетті. Компанияның таза кірісі шамамен, 186 миллион долларды құрады. Zoom тұтынушылар базасы 2019 жылмен салыстырғанда 458 пайызға өсіп, 370,2 мың компанияға жетті.

Zoom коронавирус эпидемиясы кезінде негізгі бенефициарлардың біріне айналды. Бұл ретте, планетаның ең бай адамы Джефф Безосқа тиесілі Amazon көш басында. Миллиардердің өзі 2020 жылы рекорд орнатып, тарихта байлығы 200 миллиард доллардан асқан алғашқы адам болды.

Tesla мен оның негізін қалаушы Илон Маск та жаңа дағдарыста пайдаға кенелгендердің бірі болып шықты. Оның дәулеті 114 миллиард долларға дейін өсті, ол Bloomberg есебіне сәйкес, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде үшінші орынды иеленді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.