$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 10:15
Экономика

Қазақстан экономикасының 2021-2025 жылдарға арналған ықтимал сценарийі қандай

2021 жылы жалпы ішкі өнім 2,8%-ға, 2025 жылы 4,6%-ға жетеді деген болжам бар

Қазақстан экономикасының 2021-2025 жылдарға арналған ықтимал сценарийі қандай
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2021-2025 жылдары Қазақстан экономикасы қалай дамуы мүмкін деген мәселеде 3 сценарий әзірленгенін айтты. Алайда, солардың ішінде, бюджетті жоспарлау үшін базалық сценарий дұрыс болады деп, оның бізге не беретініне тоқталды. 

«Сыртқы және ішкі жағдайларды ескере отырып, Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 3 ықтимал сценарийі әзірленді. Консервативті тәсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін базалық сценарийді пайдалану ұсынылады», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов.

2021 жылы осы базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2,8% болады деп болжанып отыр. Жыл сайын жалпы ішкі өнімді өсіреміз деген Ұлттық экономика министрлігі бұл көрсеткішті 2025 жылы 4,6% жеткізуді көздеп отыр. Оны ақшаға шақсақ, базалық сценарий сәтті шықса, 2021 жылы жалпы ішкі өнім – 76,7 трлн теңгеге, ал 2025 жылы 104,8 трлн теңгеге жетуі керек.

«2021 жылы мұнай өндіру 86,0 млн тоннадан 2025 жылы 100,7 млн тоннаға дейін өседі. Барлық базалық салаларда оң өсім күтіледі», - дейді министр. 

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары