$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 10:53
Экономика

Конституцияның 25 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналысқа шығады

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Конституцияның 25 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналысқа шығады
фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «Qazaqstan konstitýsiasyna 25 jyl» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталарды шығару Конституцияның 25 жылдығына орайластырылған.

«Qazaqstan Konstitýsiasyna 25 jyl» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік елтаңба бейнеленген. Сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бпр. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «100 teńge» жазуы бар, ал мельхиордан жасалған монетаның астында «200 teńge» жазуы орналасқан. Жиегінде (айналдыра) «Qazaqstan Ulttyq banki • National bank of Kazakhstan» деген жазбалар бар.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) елдің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін ашылған кітаптың айшықты бейнесі және мемлекеттік елтаңба бар. Жоғары жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазба бар. Айналдыра «Qazaqstan Konstitýsiasyna» және «25 jyl» деген жазбалар бар.

Техникалық өлшемі:

«Рroof-like» сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3000 данада дайындалды. Монеталарда алтындату технологиясы қолданылған.

«Uncirculated» сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

«Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады.

Серіктес жаңалықтары