«ҚазМұнайГаз» директорлар кеңесінде 4 шетелдік пен 2 қазақсандық қалды
Компания жаңа сайланған тәуелсіз директорлар жұмысына сәттілік тіледі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «ҚазМұнайГаз» директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанына байланысты 2020 жылдың 17 тамызынан бастап жұмыс істейтін компания кеңесінің жаңа құрамын бекітті.
1. Кристофер Джон Уолтон - ҚМГ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
2. Айдарбаев Алик Серікұлы - ҚМГ Басқарма төрағасы;
3. Том Г. Миллер - тәуелсіз директор;
4. Филип Малькольм Холланд - тәуелсіз директор;
5. Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - қор өкілі;
6. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - қор өкілі;
7. Энтони Эспина - қор өкілі.
Жоғарыда аталған директорлар қордың корпоративтік басқару кодексінің ротация жоспарына сәйкес, 3 жыл мерзімге сайланды. Директорлар кеңесінің алдыңғы құрамында тоғыз адам болған. Кристофер Уолтон, Ұзақбай Қарабалин, Алмасадам Сатқалиев, Энтони Эспина және Алик Айдарбаев «Қазмұнайгаз» директорлар кеңесінің мүшелері ретінде қызметін жалғастырады.
Компания бұған дейінгі Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне, атап айтқанда Балжит Каур, Стивен Уайт, Филип Дайер және Луиса Пальяда Силваға атқарған жұмысы мен «ҚазМұнайГаз» компаниясының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, Компания тәуелсіз директорлар болып жаңадан сайланған Тим Миллер мен Филип Холландтың жұмысына сәттілік тіледі.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері – Тим Миллердің мұнай-газ саласында халықаралық тәжірибесі мол, Филип Холланд – дүниежүзі бойынша ауқымды жобаларды іске асырып жүрген маман.