$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 15:31
Экономика

СҚО-да 287 миллиард теңгенің жаңа өндірісі ашылмақ

Өңірде жобалар пулы құрылды

СҚО-да 287 миллиард теңгенің жаңа өндірісі ашылмақ

Солтүстік Қазақстан облысында 287 млрд теңгенің жаңа жобалары іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, биыл жалпы сомасы 287 млрд теңге болатын 50 инвестициялық жобадан пул құрылған.

«Жыл басынан бері облыс экономикасына 119,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға жоғары. Негізгі үлес (75,8%) жеке инвестицияларға тиесілі», – деді Ақсақалов.

Ол 2020 жылдың алты айында сыртқы инвестициялар көлемі 8,5 млрд теңгені құрағанын, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп екенін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы Германияның ірі CLAAS компаниясымен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ақсақалов жобаны жүзеге асыру жергілікті шаруаларға неміс техникасын 50%-ға дейін арзан сатып алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Сондай-ақ, трансформатор зауыты есебінен облыста жылына 12 млрд теңгеге 12 мың данаға дейін өнім шығарылады.

«Жоба экспорттық қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте 300-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар шамамен, 4,8 млрд теңгені құрайды», - деп хабарлады өңір басшысы.

Бұл өндіріс 2021 жылы ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Түркиядан келген инвестор ламинатталған фанер өндірісі бойынша жобаны жүзеге асыруда. Оның жүзеге асырылуына 2 млрд теңге тартылады. Зауыт 50% жергілікті нарыққа және 50% экспортқа бағытталған. Ламинатталған фанер өндіру үшін біздің жергілікті қайың қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық компания шпон мен фанера өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ақпаратқа сәйкес, мамыр айында зауыттың бірінші желісі ашылды, жыл соңына дейін өндірісті толық қуатпен іске қосуға ниетті.

Сонымен қатар, Ресей-Қазақстан инвесторы осы облыста изотермиялық вагон-термостарды өндіру бойынша жобаны іске асыруда.

«Өткен жылы 20 термос-вагон жасалып, Ресей тарапынан өнім сапасына жоғары баға берілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта компания «Петропавл ауыр машина жасау зауытының» тоқтап тұрған цехының базасында қуаттылықты жылына 1,2 мың вагонға дейін арттыруға кіріседі.

Сонымен қатар, құрылыс индустриясында 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын жобаны іске қосқысы келеді. Қызылжар ауданында кірпіш зауытының құрылысы басталды. Оның қуаты – тәулігіне 150 мың дана.

Бұдан басқа, бұрынғы Калинин атындағы зауыт аумағында 11 млрд теңгеге заманауи Дата-орталықты іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған. 

Серіктес жаңалықтары