$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Тамара Асарға «Халық әртісі» атағын берді

Президент сондай-ақ танымал әртіс Болат Әбділмановты да осы дәрежемен марапаттады

Тоқаев Тамара Асарға «Халық әртісі» атағын берді
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соның ішінде, президент бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне «Ел бірлігі» орденін табыстаймын. Ал мәдениет саласында ол елге танымал адамдарға «Қазақстанның халық әртісі» атағын берді.

«Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды», - деп мәлім етті Тоқаев.

Сондай-ақ мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Серіктес жаңалықтары