Әкесінің туған күнінен келе жатқан: футболшының ажалына сиыр себеп болды
20 жастағы футболшының көлігі сиырмен соқтығысқан
Бразилияның жастар құрамасының ойыншысы, «Пиауи» клубының 20 жастағы футболшысы Антони Илано жол апаты салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 20 қазан күні, дүйсенбі таңертең болған. Илано әкесінің туған күніне арналған кештен үйіне қайтып келе жатқан сәтте жолға кенеттен шыққан сиырмен соқтығысқан. Соқтығыстың салдары ауыр болып, футболшы оқиға орнында көз жұмған.
Қазір апаттың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Бразилия футбол қауымдастығы мен жергілікті клубтар жас спортшының отбасына қайғыра көңіл айтып, оның болашағынан зор үміт күттірген дарынды ойыншы болғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда матч барысында жас футболшының жағдайы күрт нашарлап, артынша көз жұмғаны хабарланған болатын.