$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 15:39
Экономика

2,5 миллиард доллар: Қазақстанда бюджет тапшылығы төрт есе өсті

Бір жыл бұрын ол 700 миллион долларға жетер-жетпес болған

2,5 миллиард доллар: Қазақстанда бюджет тапшылығы төрт есе өсті
Фото: ашық дерек көзінен

ЕАЭО-тың барлық елдері бірінші жартыжылдықты бюджет тапшылығымен аяқтады. Армения, Ресей, Беларусь  көптен бері алғаш рет «минусқа» кетті. Шығыс кірістен әлдеқайда жоғары болған Қазақстан мен Қырғызстанда да бюджет тапшылығы 4 және 16 есеге өсті, деп хабарлайды Курсив.

Еуразиялық экономикалық комиссия сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, қаржылық көрсеткіштердің өзгеру себептері Одақтың барлық елдерінде бірдей – кірістер азайған, шығындар өскен.

«Қаржылық түсімдер мен міндеттемелер бойынша Қазақстан Ресейден кейін ЕАЭО-да екінші орында. Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда қазына кірісі 14,2 млрд АҚШ долларын, шығыстар 16,8 млрд АҚШ долларын  құрады. Бұл екі көрсеткіш арасындағы алшақтық 2019 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда едәуір артты. Егер бір жыл бұрын ел бюджетіне барлық шығындарды жабуға 700 миллион доллар жетпесе, онда соңғы мәліметтер бойынша, бұл сома 2,5 миллиард долларға дейін өсті», - делінген ақпаратта.

Салыстыру үшін: Ресей Федерациясының бюджет тапшылығы 2020 жылдың шілдесінде 11,2 млрд долларды, Беларуссия - 700 млн долларды, Қырғызстан - 200 млн долларды, Арменияда 100 млн долларды құрады.

«1 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, ЕАЭО елдерінің барлығында мемлекеттік қарыздың өсуі байқалды. Бұл ұлттық валюталардың долларға шаққандағы бағамдарының әлсіреуіне байланысты », - делінген ЕЭК Қаржы статистикасы департаментінің хабарламасында.

Одақ елдерінің рейтингінде Қазақстан мемлекеттік қарыз көлемі бойынша екінші орында. Жарты жылдықта ол 45,2 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп.

Бұған дейін kursiv.kz ҚР Қаржы министрі Ерулан Жамаубаевқа сілтеме жасай отырып, үкіметтің бюджет тапшылығын жабу үшін қарыз алу туралы шешімі туралы жазған болатын. Ішкі нарықта 2 триллион, сыртқы жағынан 400 миллиард теңге қарыз алу жоспарланған.

Талқыланатын мәселенің тағы бір шешімі - салықты көтеру туралы ұсыныс. Бұл ретте ҚҚС 16%-ға, ССТ - 24%-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары