Биыл еліміздегі дәрі-дәрмек 8 пайызға қымбаттаған
Өндірістің жоғарылығына қарамастан, еліміздегі дәрі-дәрмек бағасы әлі де өсе түсуде
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 миллиард теңгеге жеткен, қалған препараттардың өндірісі 4,1 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл дәрі-дәрмектің барлығы еліміздің үш облысында өндірілген. Шымкент – 23,1 млрд теңгенің, Алматы облысы – 21,1млрд теңгенің және Алматы қаласы 14,2 млрд теңгенің өнімін шығарған.
Өндірістің жоғарылығына қарамастан, еліміздегі дәрі-дәрмектің бағасы әлі де өсе түсуде. Осы жылдың қыркүйек айындағы баға өткен жылғыға қарағанда 8,2%-ға жоғарылаған. Соның ішінде, дәрумендер – 11,4%, анальгетиктер – 10,6%, корвалол мен антибиотиктер 9,3% қымбаттаған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап балаларға тағайындалатын барлық дәрі-дәрмекті медсақтандыру есебінен тегін етпекші.