$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2020, 16:56
Экономика

Пандемия салдары: Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі 18%-ға азайды

Алты айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімі - 4,8%

Пандемия салдары: Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп экспортының көлемі 18%-ға азайды
Фото: inbusiness.kz

Коронавирус пандемиясы салдарынан халықаралық саудаға байланысты шектеулер нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының көлемі қаңтар-мамыр айларында 18,6%-ға азайып, 5,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты.

Ал бірінші жартыжылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімі 4,8%-ды (5,8 трлн теңге) құраған.

«Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға ұлғайып, 373,1 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар 1-тоқсанның қорытындысы бойынша секторда жұмыспен қамтылғандар саны 601,4 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артты», - деді вице-министр.

1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпте 16,4 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Индустрияландыру бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы сомасы 87,4 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған.

 Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары