Отандық әуе компанияларының табысы 1,5 есеге азайып кетті
Табыстың 95%-ы жолаушылар есебінен түскен
2020 жылдың қаңтар-маусым айларында отандық әуе компаниялары 2,3 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,8%-ға аз, деп жазады Energyprom.kz.
Тек маусым айының өзінде қазақстандық авиакомпаниялардың қызметін 480,6 мың жолаушы пайдаланыпты. Бұл карантин болған мамыр айымен салыстырғанда 2,9 есеге көп.
Отандық компаниялардың әуе арқылы тасымалдаған жүк көлемі де былтырғымен салыстырғанда 21,9%-ға азайған: жарты жылда ол 9,5 мың тоннаны құрады.
Биылғы жартыжылдықта әуе компанияларының табысы 99,2 млрд теңге көрсеткішінде тоқтады. Былтыр бұл көрсеткіш 170,1 млрд теңгеге жеткен болатын. Маусым айында ұшулар қайта жанданып, бір айлық табыс 18,2 млрд теңгені көрсетті: бұл мамыр айымен салыстырғанда екі есеге көп.